Текст
Өскемен қаласында 2024 жылғы 20-24 маусымнан бастап техникалық шығармашылық пен өнертабыстың (авиа, зымыран, авто және кеме модельдеу) республикалық жарыстары өтті. Ақмола облысын осы жарыстарда Аршалы кентінің Жас техниктер станциясының үйірмелері ұсынды. Біздің балалар Сумин Максим, Сумин Сергей, Көшербаев Әлихан, Атакишиев Эльдар, Родин Тимур, Ефимович Дмитрий, Шевченко Вячеслав, Герст Никита , Суртаев Илья өз оқытушыларының басшылығымен, Олейник Н.Л., Ламанова И.П. табанды күресте жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Жеке есепте Көшербаев Әлихан екінші орын алды.