2025 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында балалар мен жастар арасында " TWO BRIDGES ENU" кеме модельдеу бойынша республикалық турнир өтті. Аталған іс-шараны Л. Н .Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Жарысқа Қазақстанның алты облысынан 10-17 жас аралығындағы 40-тан астам оқушы қатысып, кемелердің бірегей үлгілерін ұсынды және үздік атағы үшін таласты. Ақмола облысының атынан Аршалы кентінің Жас техниктер станциясының үйірмешілері қатысты. Табанды күресте біздің тәрбиеленушілер жүлдегер атанды, сондықтан Арсений F-2-А сыныбында 2-ші орынды иеленді, Суртаев Илья FSR-Eco mini Expert сыныбында 3 - ші орынды және Атакишиев Эльдар FSR-Eco Expert сыныбында 3 - ші орынды иеленді . Турнирдің демеушілері барлық қатысушыларға жарыс логотипі бар футболкалар мен бейсболкалар мен мектеп рюкзактары, естелік сыйлықтар сыйға тартты. Жарысқа қатысушылар осы турнирдің ұйымдастырушылары мен демеушілеріне үлкен алғыстарын білдіреді