"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Аршалы кентінің  жас техниктер станциясы " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение « Станция юных техников п.Аршалы, отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинская области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

02.08.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Аршалы кентінің жас техниктер станциясы" КММ

Пошта мекенжайы: 020200 Аршалы кенті, Астана көшесі, 17 / а

Телефон: 8716-44-2-25-47.

Электрондық пошта: sut_texnik@mail.ru

Бос лауазымның атауы:

"Ақпараттық технологиялар және робототехника" техникалық үйірмесінің қосымша білім беру педагогы

Негізгі функционалдық міндеттері:

-Оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне, СЖТ КММ Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес оған басшылық жасау.

Біліктілік талаптары:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;

      және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

      және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 02-11 тамыз аралығында

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Просмотров: 3972


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст